Тақырып. Кіші комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге кіші комплектілі мектептердегі сабақтың ерекшелігі, кіші комплектілі мектептерге арналған бағдарламалармен таныстыру, кіші комплектілі мектептердегі сабақ түрлері жайында мағлұмат беру.

Дәріске керекті құралдар: слайдтар

Дәрістің жоспары:

1.Кіші комплектілі мектептердегі сабақтың ерекшелігі.

2. Кіші комплектілі мектептерге арналған бағдарламалар.

3. Сабақ түрлері.

4. Материалдық база, оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары.

Дәрістің барысы:

Қазақстан республикасы білім туралы заңының 1 бабының 23 тармағында шағын комплектілі мектептің жалпы білім беретін мектеп тәрізді, бірақ оқушылар санының аздығымен және сыныптардың бірігуімен, оқу сабақтарын ұйымдастыру формаларының айырмашылығымен ерекшеленеді. Сол сияқты аз комплектілі метептегі оқу сабақтарында мұғалім жұмыстарының көп пәнділігі, мектеп басшыларының әкімшілік міндеттерінің көп түрлілігіне қарамастан, жалпы білім беретін мектептердің нормативтік құжаттарымен жұмыс істеп, балаларды оқытуға жағдай жасайды деп көрсетілген. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігінің аз комплектілі мектептің негізгі белгілерін айқындап бергендігін көрсетеді.

Осыған қарап-ақ, аз комплектілі мектептердің өзіндік ерекшелігін сезінуге болады. Әсіресе, аз комплектілі бастауыш мектептердің оқыту кезеңдегі қиындықтар жеткілікті. Ол қиындықтар бірнешс себептерден туындайды: Біріншіден, мұндай мектептерде сыныптағы оқушылар санының аздығына байланысты бірнеше сыныптың біріктіріліп оқытылуынан туатын қиындықтар. Екіншіден, бірнеше сыныпқа бірдей бір мезгілде бір мұғалімнің сабақ беруінен туындайтын қиындықтар. Үшіншіден, әдеттегі мектептер бағларламасы көлемі, мазмұны және білім сапасына қойылатын талаптар мен аз комплектілі мектептер бағдарламасының көлемі де, оқушыларға қойылатын талаптардың да бір дейлігінен туатын қиындықтар. Төртіншіден, оқушы­лардың өздігінен орындайтын жұмыстарды саралауга, айқындауға, олардың түрлерін ажыратуға байланысты туындайтын қиындықтар. Бесіншіден, мұғалім қадірлер дайындайтын оқу орындарында аз комплектілі мектептерге бағыттап дайындаудың әлі де болса жолға қойылмай отырғандығы.



Қазіргі танда ҚР көптеген бастауыш мектептері (әсіресе ауылды жерлерде 50 пайызға жақын) аз комплектілік жағдайда білім беруде. Бұл өзінше ерекшелігі бар педагогикалық про­цесс. Аз компектілі немесе, шағын жинақталған мектеп деп, бір мұғалім екі не үш сыныппен бір мезгілде жұмыс істейтін мектептерді айтатынымыз белгілі. Мұндай жағдайда әр сы­ныпта бірнеше оқушы қатар отырып, бір сыныптың ішінде сабақ оқиды. Әрине бұл халқы сирек орналасқан ауылшаруашылықты жерлерде кездеседі. Психологиялық тұрғыдан алғанда бастауыш сынып балаларын отбасынан бөліп интернаттарда оқытудан гөрі осылайша біріккен мектептерде оқытқан жөн. Дегенмен, мұндай жағдайда білім берудің ең қолайлы жолдарын қарастыруға тура келеді.

Аз комплектілі мектептердің үш түрі бар:

-бастауыш шағын жинакталған мектеп (1-4 сыныптар);

-негізгі шағын жинақталған мектеп (5-9 сыныптар);

-орта шағын жинақталған мектеп (10-11 сыныптар);

Осы кезге дейін аз комплектілі мектептер мәселесі жүйелі түрде зерттелмей отыр. Республикада бұл мәселе 1970 жылдан бастап қолға алынғанмен, жұлып тартып, бірер еңбек қана жарық көрді, оның өзі аз комплектілі мектептерді орналыстыру, ірілендіру мәселесіне арналды. Ал оның педагогиқалық үрдісі туралы жеңіл—желпі ғана сөз қозғалады. Мұндай жұмыстардың қатарына И.Д.Буртовойдың "Неко­торые вопросы рационального размещения сети сельских школ в Казахсқой ССР" деген еңбегін атай аламыз. Ал аз комплектілі мектептердің даму тарихы туралы Г.М. Хрпченковтын еңбегі де осы кездерде жарық көрді.



1970-80 жылдар арасында Қазақстан Республикасының бастауыш сыныптарындағы аз комплектілі мектептерді зерттеу колға алынып, Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институтында кешенді ғылыми жұмыс жүргізілді. Сонын нәтижесінде А.Асқарбаева мен Ш.Әуелбаевтың "Аз комплектілі бастауыш сыныптарда казақ тілін оқыту", М.Сайпеннің "Аз комплектілі бастауыш сыныптарда математиканы оқыту", Қ.Аймағамбетованың "Аз комплектілі бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту" атты еңбектері жарық көрді.

Бұл еңбектерде аз комплектілі бастауыш мектептердің өзіндік ерекшелігін талдап көрсетті. Ол ерекшеліктер қатарына мына мәселелерді қамтиды:

Үш не екі сыныпты қатар оқытқандықтан, мұғалім ер сыныптағы оқушылардың білімін анықтауға, жаңа тақырыпты түсіндіруте, олардың сабақ барысындағы іс-әрекетін қадағалауға шамамен не бары 15-20 минут қана уақыт боле алады. Бұл жағдай мұғалімнің оқушылармен жұмыс жүргізуінде әрбір минутты үнемді, шебер, тиімді пайдалануды керек етіп, сабаққа мүкият дайындалуды та­лап етеді. Осының негізінде оқушы мен мұғалімге түсетің психо-эмоционалдық жүктеме ауырлайды.

Бір сабақтын үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, соған сәйкес ой-өрісімен білім дәрежесі де әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді. Мұнда түрлі жастағы балалармен жұмыс істеумен бірге сабақ үстінде бір пәнді түсіндіруден, екінші пәнді оқытуға көшуге тура келеді. Әрине бұл мұғатімнің жұмысын ауырлатады. Бір сыныпқа тапсырма беріп, немесе тақырыпты түсіндіріп болып, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшкенде оқушылардың жас ерекшелігіне қарай ыңғайланып, олардың білім дәрежесіне сай түсінік беруге ауыса қою үшін, мұғалім балалар психологиясын жақсы білуі керек.

Аз комплектілі бастауыш мектептер көп жағдайда орта мектептерден қашық орналасады. Сондықтан мұндағы мұғалімнің басқа ұстаздардың сабақтарына қатысып, пікір атысу, тәжірибе алмасу, үлгі-өнеге алу мүмкіндігі шектеулі. Мұндай жағдайда тәжірибелі ұстаздардың өзі білім берудің тиімді әдістерін іздестіріп, шыңдала түсуден гөрі салғырттанып, жауапкершілігі төмендеп, сабақтың тиімділігін нашарлатып алу каупі де жоқ емес.

Тірек мектептер аз комплектілі мектептерден қашық орналасқандықтан, олардың оқу-тәрбие жұмысына тиісті басшылық етіп, әдістемелік көмек көрсете алмай келеді.

Аз компектілі мектептер мұғалімдерінің кәсіптік дайындығының төмендігі.

Аз комплектілі мектептердің материалдық базасы осы кезге дейін төмен (кітапхана, пән бөлмелері, спортзалы, көрнекі құралдар т.б) тіпті осы кезге дейін жабдықталмай келеді.

Бұл жоғарыда айтылғандардың бәрі аз комплектілі мектептердің географиялық орнына және мұғалімнің іс-тәжірибесіне байланысты туындайтын ерекшеліктер, Бұған қоса сабақ беру мен оны ұйымдастыруға байланысты ерекшеліктер де баршылық. Әсіресе, мұндай сыныптарда негізгі іс-әрекет оқушылардың өздігінен жұмыс ісеуіне бағытталатын болғандықтан, мұғалімнің бұл мәселеге мұқият дайындалып, әр сыныпка берілетін тапсырманың көлемі мен мазмұнын алдын ала ойластыруы бірінші кезекте тұруы керек. Сонымен қатар, тапсырма түрлері күніге өзгеріп, оқушыларды кызықтыратындай, өздігінен істейтін жұмыстың тартымдылығын арттыратындай мазмұнға ие болуға тиіс. Кейде өзіндік жұмыстардың түрі бүкіл үш не екі сыныпқа ортақ болуы да мүмкін. Мәселен, күнделікті бақылау нәтижелерін қорыту барысында барлық оқушылар қатыса алады. Бірақ әр сынып оқушысының бақылау көлемі мен мазмұны әр түрлі болады да, оны келесі сыныптың оқушылары терендетіп, толықтыратындай жағдай жасатады.

Бастауыш сынып оқушыларында тұрақсыз зейін басым болғандықтан, аз комплектілі сыныптардағы оқушылардың сабақ үстінде бір-біріне аландайтын, кейбір өздеріне керексіз мәселелерге көңіл бөліп, уақытын ұттырып алатынын естен шығармаған жөн. Жас балалардың зейінін баурап алу өте қиынға түсетің мәселе. Әсіресе, дауыстап оқу кезінде тақырыптың мазмұнына барлық сынып оқушыларының көңілі ауып кетуі мүмкін. Сондықтан аз комплектілі сыныптарда көбіне іштен оқу, сол бойынша түсінігін айтқызу басым болады. Ал дауыстап оқуды көбіне үйге тапсырып отыруға тура келеді. Бұл сабақ барысында мүлдем дауыстап оқу болмайды деген сөз емее, бірақ әрбір өзіндік жұмысты сол сыныптың ерекшелігіне қарай ойластырудың керектігіне көңіл бөлуді ұмытпауға тиіспіз.

Оқушылардың өздігінен жұмысы нәтижелі болуы үшін таратып берілетіндидактиқалық материалдар мен карточкалар және әр түрлі көрнекіліктер оқушы санына қарай жеткілікті болуы керек.

Ең негізгі ерекшелік кинофильмдер мен диафильмдерді пайдалануға байланысты туындайды. Көбіне барлық сы­ныпка ортақ тақырыптарға арналған техниқалық құралдарды сабақ үстінде бүкіл сыныпқа тұтас пайдалануға бо­лады. Мәселен, жыл мезгілдерінің табиғатына, өсімдіктері мен жануарларға байланысты кинофильмдерді осылайша жалпы пайдалану мүмкіндігі бар. Ал, мазмұн жағынан әр сыныптың өзіне ғана лайықты жағдайда, оларды сынып­тан тыс жағдайда қолдануға тура келеді.

Бастауыш сыныптардағы дүниетану пәнінің жаратылыстану ғылымдарының құрамына енетінін естен шығармай, үнемі әр тақырыпты тәжірибе, сарамандық жұмыстар, бақылау арқылы оқытып-үйретуді жүзеге асыру жағы қарастырылуға тиісті.

Аз комплектілі бастауыш сыныптардың ішінде 3-4 сы­ныптарда көбіне нысанды не табиғат құбылысын жазбаша сипаттауға жағдай жасау жағы басым болады.

Аз комплектілі бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысын бақылау кездерінде байқалатын жағдай, әр түрлі пәндердің қатар оқылатындыгы. Бұл оқушыларда өте көп алаңдатушылықты тудыратын болғандықтан және әр түрлі пәннің мазмұны бір мезгілде бала санасында үлкен түсініксіз тудыратындығы айқындалғаннан кейін, жоғарыда аталған Республикадағы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде аз комплектілі бастауыш сыныптарда "бір пәнділікпен оқыту" мәселесін шешуді қойды. Оны қатай түсінуге болады? Бір дәрісқанада отырған бірнеше сыныптың оқушыларына бірдей пәнді (бәріне де метематиканы, не бәріне бірдей казақ тілін с.с.) оқытудың тиімділігін дәлелдеді. Себебі, мұғалім өзінің оқушылармен бірге жұмыс істеуге кететін 45 минут уақытын бір сыныпқа емес, үш сыныпқа бөледі. Осы жағдайда ұқсас пәннен тапсырма беру мен оны тексеру біршама жеғілге түседі. Сонымен қатар, тұрақсыз зейіні басым бастауыш сынып оқушыла­ры қаншама аландаса да, ұқсас пәннің мазмұнынан түсінік алуын, білімін терендете түсуіне тура келеді. Бұл сынып­тар арасының сабақтастығын, байланыстыра оқытуды қамтамасыз етіп, оқушылардың келешекте оқитын материалдарды алдың ала ұғынуына жағдай туғызады. Сондықтан да мұғалім сабаққа дайындалу кезінде қай сыныпқа нені өзі түсіндіреді, қандай жұмысты өздігінен орындаута береді, орлардың білімін қай кезде қандай жұмыс арқылы бағалайды осының бәрін нақтылап, олардың қайсысына қанша уақыт кететініне дейін жобалайды. Бірпәнділік жүйсмен оқытудың тағы да бір оңтайлылығы - мұғалім өз уақытын әр сыныпқа бөлгенде тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай және оқып кеткен сынып материалдарының мазмұнына байланыстылығына орай қарастырады. Сонымен қатар, тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай, мұғалім оқушыларға жәрдемдесудің сабақтын қай бөлімінде тиімділігін, жаңа тақырыпты түсіндіру үстінде ме, әлде оқушылардың бұрын алған білімдерін еске түсіру барысында ма, не тақырыпты қорыту кезеңінде ме осы жағын ескереді. Сонымен қатар бастауын сынып оқушыларынын канша уақытқа дейін зейін тұрақтылығын сақтап, өздігінен жұмыс атқара алатындығы да ескеріледі. Мұндай әр істің уақытын ессптеп отыру аз комплектілі сыныптар жағдайында үнемі есте ұстайтын мәселе.

Аз комплектілі сыныптарда дүниетану пәнін оқытуды жүзеге асыру үнемі өлкетану принципіне негізделеді.

Аз комплектілі мектептерде дүниетану (қоршаған орта) сабақтарын біріктіріп өткізуге көп мүмкіндік бар. Әсіресе, табиғатқа, өндіріске, құрылысқа, ауьшшаруашылыгына т.б. нысандарға шығатын топсаяхаттарды үш сьшыпты біріктіре отырып өткізуге болады. Көбіне жыл мезгілдеріне байланыс­ты топсаяхаттарды бүкіл сыныппен бірге өткізілуге өте қолайлы. Бірақ әр сыныптың жас ерекшелігіне және бағдарламалық талаптарға байланысты берілетін мағлұмат та, орындауға ұсынылатын тапсырмалар да әр түрлі мазмұнда және қиындығы жағынан да әр түрлі деңгейде болуға тиісті. Мұндай жағдайда топсаяхат кезінде қай сыныптың оқушысы қандай мәселемен айналысады, нені бақылайды, қандай қорытынды шығарута тиістігін мұғалім алдың ала жобатап атады.

Мұндай мектептерде сабақтын қай түрін ұйымдастырса да, оқушылардың өзіндік жұмыс орындауы басым болатынын айттық. Осыған орай, өзіндік жұмысты жүргізу үшін мына мәселелерге көңіл бөлудің керектігін ескертпекпіз:

1. Өзіндік жұмыс сабақтын қай кезеңінде ұйымдастырылса, тиімді болатындығын ойластыру;

2. Жұмыстың түрін анықтау;

3. Мұны орындауда оқушыларда талап етілетін мәселе;

4. Жұмысты орындау әдісін түсіндіру;

5. Жұмысты орындауға кететін уақытты аныктау;

6. Жұмысты орындау барысында кездесетін қиындыктар;

7. Жұмыстың шығармашылық сипатта болуы;

8. Жұмысты қорыту түрі.

Өзіндік жұмыс кезінде жайбарақаттық және үлгермеушілік жасайтын оқушыларға даралап оқыту технологиясын қолдануға болады. Мұндай жағдайда оқушының білім деңгейіне қарай түрлі көрнекіліктерді қолдана отырып тапсырма беріледі. Оқушылар бір-бірімен берілген тапсыр­маны алмасып та жұмыс жүргізеді.

Қорыта айтқанда бастауыш сыныптардағы дүниетану пәнін оқытуға қойылатын талаптар да, білім беру формалары мен әдістері де бірдей болғанымен аз комплектілі мектеп ерекшелігіне байланысты оларды ұйымдастыру және қолдану тәсілдері өзгеріп отырады

Кілт сөздер: кіші комплектілі мектептер, бағдарлама, сабақ түрлері, материалдық база, өздік жұмыстар.


6894516895855996.html
6894562261633660.html
    PR.RU™